jasqazaq.kz

Жас театрдың балаларға тартуы

03 маусым 2021, 13:39

Балалар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ішкі Істер органы қызметкерлерінің балалары үшін (8 жесір, 14 бала) арнайы сахналанды.

Қойылым шымылдығын театрымыздың директоры Асхат Маемиров: «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас театрына қош келдіңіздер! Біздің театрымыз Қазақстандағы ең жас театр. Театрымыз өз шымылдығын «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашты. Біздің залда ішкі істер саласының азаматтары мен азаматшаларынан бөлек кішкентай көрермендеріміз отыр. Ата-аналары, ағалары біздің театрға жие әкеліп отыруыңызды сұраймыз. Себебі, өсіп келе жатқан жас ұрпақ міндетті түрде Абайды тануы керек. Қазір біз сіздерге жас Абайды, бала Абайды, 13-14 жасар ғашық Абайды көрсетеміз. Кеш соңында сіздерге мерекелік тартуымыз да бар. Театрымыздың досы Димаш Құдайберген қазір шығармашылық іс-сапарда. Бірақ, Димаш ағасының біздің балаларға сыйлығын алып келіп отырған Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген отыр арамызда», — деді театр директоры Асхат Максимұлы.

«Абай-Тоғжан» музыкалық драма қойылымында халықтық сана, ұлттық тәрбие, бабалар дәстүрі, ұлы дала ұлағаты – ғашық Абайдың жан сүзгісінен өтіп «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» екендігін ұқтырады. Жас Абайды «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Аян Өтепберген сомдады. Ал Абайдың махаббаты Тоғжанды театрымыздың актрисасы Арелана Амангелдиева сахналады. Балалар Канн кинофестивалінің үздік әйел рөлінің лауреаты Самал Еслямова және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, Аян Өтепберген, Асылхан Төлеповпен танысуға мүмкіндік алды.

Қойылым соңында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арнап қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ішкі Істер органы қызметкерлерінің балалары үшін арнайы аталған шараны ұйымдастырып, өтуіне мұрындық болған ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық қордың құрылтайшысы Аян Жұмашев бүгінгі шараға қатысқандарына алғысын білдірді.

— «Біз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде, осындай бейбітшілік заманымызда мыңға жуық тәртіп сақшылары қаза тауыпты. Осындай рухани құндылығы жоғары, ұлттық мәдениетімізбен сусындап көбірек халқымыз, қала тұрғындары қойылымдарды көріп тұруы керек деп ойлаймын. Сонда ғана біздің қоғамымызда қылмыс әлемі азайып, тәртіп сақшыларының да қызмет барысында өмірімен қош айтысуы азайған болар еді. Баршаңызға бүгінгі шараға қатысқаныңызға рахмет! Сонымен

қатар, біздің көптеген бастамаларымызға қолдау білдіріп отыратын Ішкі істер министрлігіне алғысымды білдіремін!», — деді Аян Жұмашев.

Сондай-ақ, Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген де өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, тәттілер, шығармашылығын дамытуға арналған керекті құралдар және жасына байланысты қазақ тіліндегі кітаптар мен қоса балаларға Димаш Құдайбергеннің қолы қойылған плакаттар сыйлады. «Жастар жанары» порталы жас бүлдіршіндерге арнап жас ерекшеліктеріне қарай боямақтар табыстады.

Театрымыздың актері Асылхан Төлепов: «Біздің қойылымымыз сіздердің көңілдеріңізден шықты деген ойдамыз. Бауырларым Димаш Құдайберген мен Аян Өтепберген балаларды мерекемен құттықтай отыра, өз сыйлықтарын тарту етпек. Бүлдіршіндеріміз аман болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!» — деп, мерекемен құттықтады.

Қойылымға Ішкі Істер Министрлігі орталық аппараты, Ұлттық Ұлан және Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаменті қызметкерлері де қатысты. Іс-шара соңында балалар театрымыздың актерларымен естелік суретке түссе, ата-аналар бүгінгі шараны өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

Әділғазы Кереев

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты