jasqazaq.kz

Жас қыздарды зорлап келген жігіт ұсталды

01 қазан 2018, 12:06

Атырауда сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп күдіктелген 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның құрбанына айналған жас қыздар әлеуметтік желілерде онымен интимдік хаттар жазысып тұрған деп жазады «Ақ жайық». порталына сілтеп sn.kz хабарлады.

Анықталғандай, М. әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, кейбірінен олардың ашық суреттерін алып отырған. Кейін өзімен жыныстық қатынасқа түспесе, интернетте жазысқан хаттары мен суретерін жариялайтынын айтып, бопсалай бастаған.

Бір жыл бойы бірнеше құрбанын пайдаланған, олардың арасында 18 жастағы студент пен 15 жастағы оқушы қыз да болған. Осы қыздар ата-аналарына бәрін айтуды ұйғарған, ал олар полицияға шағымданыпты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және осы баптың 3-тармағының 3-тармақшасы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді