jasqazaq.kz

Жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетай ұсталды

02 шiлде 2018, 21:31

Бейтаныспен байланысам деп опық жеген арулар. Көкшетауда 29 жастағы жеңгетай ұсталды! Ол жас қыздарды қорқытып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Осылайша тән саудасын заңсыз табыс көзіне айналдырғанға ұқсайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

1989 жылы туған көкшетаулық азамат өз құрбандарын жергілікті дәмханалардан іздеген. Басы бос қыздарды жалдамалы пәтеріне алдап апарып, қамап ұстапты. Осылайша интимдік қызметке мәжбүрлеп, өзгелерге саудалаған дейді полицейлер. Бірнеше ай бойы 22 мен 30 жас аралығындағы қыздарға ойына келгенін істеген жігіт, Көкшетаудың орталық көшелерінің бірінде қолға түсті. Қазіргі таңда осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қазір ол қамауда отыр. Оның үстінен 5 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам ұрлау, адам құқығын шектеу, бопсалау, жезөкшелікке мәжбүрлеу және жеңгетайлық жасап, жезөкшелікпен айналысатын орындар ұйымдастыру бойынша. Басқа да фактілер анықталуы мүмкін.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді