jasqazaq.kz

“Жас қазақ” жүлдегер!

29 маусым 2017, 15:14

Суретте солдан оңға қарай: «Жас қазақ» газеті редакторының орынбасары Елдос Өмірзақұлы, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Прәлиев, «Жас қазақ» газетінің дизайнері Ғалия Қалиева, Наурызбай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Сәлима Жақыпбаева, «Жас қазақ» газетінің журналисі Әбдіманап КЕҢЕС

Журналистер күніне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігі Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері арасында боулингтен жарыс ұйымдастырды. Жалпы сегіз команда қатысқан бұл сайыста “Жас қазақ” командасы екінші орынды иемденді.

Сайысқа әрқайсысы  5 адамнан құралған 8 команда қатысты. Атап айтсақ “Қазақстан” телеарнасы, “Алматы” мен “КТК” телеарналары, “Жас қазақ”, “Айқын”, “Түркістан”, “Алматы ақшамы”, “Казахстанская правда” газеттері бар. Барлық команда сайысқа сақадай сай келгендігін көрсете алды. Тартысқа толы өткен бәсекеде “КТК” телеарнасы — бірінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздарынан небәрі 4 ұпаймен артта қалған “Жас қазақ” газетінің журналистері екінші орынға жайғасты. Шеберліктерімен тәнті еткен “Алматы” телеарнасы үшінші орынды қанағат тұтты. Үздік нәтиже көрсеткен командаларға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Прәлиев аудан әкімі атынан мақтау қағазы мен сыйлық тарту етті.

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді