jasqazaq.kz

Жас ананы көршісі атып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды (видео)

04 қазан 2017, 17:49

Бразилияда үш баласы бар 22 жастағы келіншекті көршісі атып өлтірді. Әйелдің өлімі видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Бразилияның оңтүстігіндегі Сантана-де-Катагуасеседе болды.

22 жастағы Виллиен Матиастың көршісі келіншекті өсек таратады деп айыптап, тіпті оны қорқытқан. Әйел 40 жастағы ер адамның өзіне тіл тигізіп жатқанын видеоға түсіріп алып, күйеуіне көрсетпек болыпты. Алайда жас ана өзінің өлімін де камераға түсіріп алатынын әсте ойламаған.

Видеода кадр сыртындағы әйел мен ер адамның ұрсысып жатқаны көрінеді. Кенеттен ашуға булыққан көршісі тапаншасын алып шығып, әйелдің басынан атады. Кейін оқиға орнынан ізін жасырған.

Тапаншаның даусын естіген бір әйел дереу жаралы келіншекке көмекке ұмтылған.

Виллиен бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды. Күдікті көп ұзамай қолға түскен.

Ескерту: Жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде