jasqazaq.kz

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы ауысты

24 ақпан 2020, 14:03

Бір ай бұрын Республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалған Инга Иманбай қызметінен кетті. Оның орнына Қайрат Матреков бас редактор болып тағайындалды. Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбай газеттің бар-жоғы бірнеше нөмірін ғана шығарып үлгерді.

Сенімді ақпарат көзінің айтуына қарағанда, Инга Иманбайға бір ай сынақ мерзімі берілген. Егер осы уақыт ішінде білікті басшы, сауатты журналист ретінде өзін көрсете білсе, келісімшартты ұзарту көзделген. Алайда Инга Иманбай газет құрылтайшыларының көңілінен шықпаған сияқты. Газеттің «Демпартия листовкасына айнала бастағанын» байқаған құрылтайшылар шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Қайрат Матреков кім? Мамандығы педагог Қ.Матреков бұған дейін бірқатар мекемелердің баспасөз қызметінде, ҚазТАГ агенттігінде, 365info.kz сайттында жұмыс істеген.
Ғасырға жуық тарихы бар «Жас Алаш» газетінде соңғы уақытта бас редактор тұрақтамай жүр. Келесі жылы 100 жылдық мерейтойы өтетін алдаспан басылымның жаңа басшысы мен ұжымына Nege.kz порталының редакциясы сәттілік тілейді.

Ақпарат көз: nege.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия