jasqazaq.kz

Жарылыстың салдарынан жүкті әйел зардап шекті

19 қараша 2017, 13:15

Орал қаласының шетіндегі Зачаганск кентінде жеке меншік үйде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен алты адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, суыт хабар сенбі күні таңертеңгі сағат он шамасында түскен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Бөкенбай көшесіндегі жеке меншік үйде газ бен ауа қоспасы жарылып, салдарынан үйдің мансардасының маңдайшасы құлаған. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 37 жастағы жүкті әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады» — деп жазады Тengrinews сайты.

40 мыңнан астам тұрғыны бар Зачаганск кентінде облыстық балалар ауруханасы, төрт орта мектеп, отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы, облыстық мектеп-интернат санаторий және аграрлық-техникалық университет орналасқан.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті