jasqazaq.kz

Жарылыстан зардап шеккен азамат ауруханада көз жұмды

12 қараша 2019, 22:59

Алматыдағы жойқын жарылыстан зардап шеккен үш азаматтың бірі ауруханада көз жұмды. Денесін 100 пайыз күйік шалған 36 жастағы науқасты дәрігерлер ажал аузынан арашалап қала алмадық дейді.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Елдос Әлменов, №4 клиникалық аурухананың дәрігері:

— 1983 жылғы науқас термиялық күйіктің 100 пайыз көлемімен жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде алғашқы көмек, шокқа қарсы энфуззиондық ем, симтаматикалық ем көрсетілді. Дегенмен бүгін таңғы сегізде қайтыс болды.

Қалған екі науқастың жағдайы да тым ауыр. Бірінің денесінің 85 пайызын күйік шалған. Ал екіншісі күйік бөліміне ауыстырылыпты.

Алматыдағы үш қабатты жеке үйде газ жарылып, баспананың быт-шыты шыққан. Жойқын жарылыстан бөлме аралық қабырға құлап, есік-терезелері тас талқан болды. Куәгерлердің айтуынша, үйге кірген адамдар жарықты қосқан сәтте бөлмеде жиналып тұрған газ тұтанып гүрс ете қалған. Зардап шеккендер сол коттеджді жалдап тұрған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда