jasqazaq.kz

Жарылыстан 7 адам ауруханаға түсті

21 қараша 2019, 12:44

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев газ баллонынан үйі жарылып, ауруханада жатқан отбасыға көмек көрсетілетінін мәлім етті.

«20 қараша күні сағат 20.50 шамасында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Аягөз қаласында газ баллонының ақауы кесірінен жарылыс болып, үйдің төбесі, қабырғасы құлап түскен. Күйік жарақаттарымен 7 адам ауруханаға түсті. Олардың 4-еуі — бала», — деді бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер. Оның мәліметінше, үй иесі – 40 жастағы азаматтың денесінің 38 пайызы, 65 жастағы әйелдің денесінің 12 пайызы, тағы бір әйелдің денесінің 25 пайызы күйген. Бұдан бөлек, төрт бала жарақат алып, ауруханада жатыр. Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев зардап шеккендердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды. «Әрине, бұл өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болып отыр. Бауыры бүтін ағайынның «бір отбасы ауруханаға бір мезетте түсіпті» дегенге жүрегі селт етпей қоймайтынына сенімдімін. Бүгін осы отбасы мүшелерінің халін білуге ауруханаға арнайы бардым. Сондай-ақ, баспанасының жайын да көріп қайттым. Әлбетте, жағдай өте ауыр. Отбасы аман-есен ауруханадан шыққан соң барар жері жоқ. Өрттің салдарынан үй тұруға жарамсыз болып қалған. Бұған дейін де үйін өрт шалған бір отбасына көмек бергенімізді білесіздер. Дәл солай бұл отбасын да далада қалдырмаймыз. Осы күннен бастап барынша жәрдемдесетін боламыз», — деп жазды ол Facebook-те.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда