jasqazaq.kz

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 89 адамға жетті

02 маусым 2019, 20:19

Төтенше оқиға салдарынан 450-ден аса ғимарат бүлінген.

Ресейдің Дзержинск қаласында зауыттағы жарылыстардан зардап шеккендер саны 89 адамға жетті. Зардап шеккендердің 44-і – зауыт қызметкерлері, 45-і – іргелес аумақтың тұрғындары. 16 адам стационарда жатыр: біреуі ауыр халде, қалған 15 пациенттің беті бері қарап келеді, деп мәлімдеді өңір басшысы Глеб Никитин. Шұғыл қызмет өкілі жарылыс салдарынан 450-ден астам ғимаратқа, соның ішіде 32 мектеп пен 55 балабақшаға зиян келгенін атап өтті. Айта кетсек, кеше Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта үш жарылыс болды. ТЖМ мәліметінше, жарылыс соңы өртке ұласып, 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Тергеу комитеті «Өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде