jasqazaq.kz

Жарылыс салдарынан бір әскери қызметкер көз жұмды

25 маусым 2019, 11:32

арыста әсер өлді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов Арыста көз жұмған әскери қызметкер туралы айтты.

«Жарылыс басталғанда біздің әскери қызметкеріміз өрт сөндіруді жалғастыра берген. Олар танктердің көмегімен №2 және №3 техникалық аймақтағы өртті өз күшімен сөндіріп үлгерді. Ал қаза болған жігіт бірнеше жыл әскери қызмет атқарды. Ол өрт сөндіру кезінде қаза болған сияқты. Қазір біз осы жағдайды жан-жақты анықтап жатырмыз. Әскери қызметкер келісімшартпен жұмыс істеген», — деді Бектанов журналистерге берген сұхбатында.

Арыс қаласына кешеден бері шамамен 500 сапер тартылды. Бұдан бөлек, арнайы техника бар. Алдымен Арыс қаласына жақын маңдағы әскери оқ-дәрілерді шығару міндеті қойылды.

«Бүгіннен бастап тағы 1800 адам жіберіліп отыр. Олар снарядтар ұшқан жерлерді зерделейді. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына атсалысады. Әскери полиция да патрульге шығып жүр», — деді Бектанов.

Оның айтуынша, әскери қоймада сан алуан снаряд сақталған. Соның ішінде артиллериялық оқ-дәрілер де бар. Әуе қорғанысына арналған снарядтар болмаған. Бүгінде әскери қойманы басқа жерге көшіру жайлы шешім қабылданып отыр.

«Әскери қоймалар қалаға жақын жерде орналасқан. 200 метрге дейінгі аралықта да бар. Негізі, ереже бойынша әскери қоймалар үш шақырым шалғай жерде орналасуы қажет. Біз бірнеше рет ол аралықты 10 шақырымқа жеткізуге қатысты ұсыныс жасадық. Бірақ ол үшін адамдарды басқа жерге көшіру керек. Теміржол желісі де өтеді. Оны да ауыстыру қажет. Осыған байланысты әскери қойманы басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданды», — деп атап көрсетті Бектанов.

Дереккөзі: Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде