jasqazaq.kz

Жарылыс кезінде бір сәби өмірге келді

25 маусым 2019, 15:44

Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс кезінде әйел адамды босандырып алғандарын айтып берді.

Жарылыстар басталғанда БҒМ-нің үш қызметкері ҰБТ өткізіп жатқан.

Олардың сөзінше, адамдар арасында дүрбелең басталып, көпшілік топпен бірге қаша жөнелген. Қаладан шыға берісте балаларды машинамен әкетіп жатыпты.

Әйел адамдар жаяу бара жатқан, жолда жүргізушілердің бірі оларды алып кетуге ұсыныс жасаған.
Жол-жөнекей олар 23 жастағы аяғы ауыр келіншек пен акушерді отырғызып алған. Олар жарылыс салдарынан есігі ұшып кеткен ауруханадан қашып шыққан екен.

Келіншек көрші ауылда босанған. Ол қызын жүргізушінің анасының құрметіне атаған.

Осылайша ол өзін қауіпсіз жерге жеткізіп, аман-есен босануына себепші болған жүргізушіге алғысын білдірді.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда