jasqazaq.kz

Жарылғыш құрылғы орнатып қойғаны туралы жасырын қоңырау шалған

16 қазан 2018, 12:30


Астаналық келіншек күйеуінің әріптестерін жазалау үшін бизнес орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама таратты,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылғыш зат: Астаналық келіншек күйеуінің әріптестерін жазалау үшін елді дүрліктірді
«Астана қаласы ІІД –нің операциялық бақылау орталығына іскерлік орталықтың күзетшісінен хабарлама түсті. Ол белгісіз әйелдің 3-қабатқа жарылғыш құрылғы орнатып қойғаны туралы жасырын қоңырау шалғанын айтты. Содан аталған мекенжайға апаттық-құтқару қызметі, Байқоңыр аудандық ІІБ-нің тергеу-жедел тобы, жол полициясы, із кесуші иттер, Астана қаласы ІІД–нің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келді. Жарылғыш құрылғы туралы хабардың рас-өтірігін анықтау үшін бизнес-орталықтың ғимараты тексерілді. Ғимаратты және оған жақын аумақты тексеру кезінде жарылғыш құрылғы табылмады. Ал тексеру барысында ғимараттан 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы жағдайдан кейін полиция бұзақылық оймен бизнес орталығына жарылғыш зат қойылғаны жайлы қоңырау шалған 1970 жылғы Астана тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері анықтағандай, әйел бизнес орталығында күзетші ретінде жұмыс істейтін күйеуін құрметтемейтін әріптестерін осылай жазаламақшы болған екен.
Енді осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық