jasqazaq.kz

Жартылай жалаңаш жүгіріп бара жатқан адамды көріп таң қалдық

25 қыркүйек 2018, 13:43


Астанада таңмен таласып көше ортасында жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Елордалықтар ер-азаматтың аталған әрекетін ерсі санап, «күннің салқындығына» қарамастан, оның неліктен жартылай жалаңаш жүргеніне таңданған.

NUR.KZ. жазғандай, белгісіз тұрғынның таңмен таласып жартылай жалаңаш жүрген видеосын жергілікті тұрғындардың бірі түсіріп алған. Айтуынша, ер адам қаланың Нәжімеденов көшесінің бойымен, Ұлттық музей тұсында жүрген көрінеді.
«Ертемен аялдамада автобус күтіп тұрғанбыз. Жартылай жалаңаш жүгіріп бара жатқан адамды көріп таң қалдық. Ол көше бойымен музейге қарай бет алып бара жатты. Қазір Астанада күн салқын, таңертең тіпті суық боп тұрады. Неліктен кеудесіндегі жейдесі мен шалбарын шешіп тастағаны түсініксіз. Тіпті жүгірген адам жас адам да емес, үлкен адам сияқты көрінді», — дейді қала тұрғыны.
Оның айтуынша, белгісіз тұрғын таңғы жаттығу жасап жүруі әбден мүмкін екен.
«Жүгіргеніне қарағанда, таңғы жаттығу жасап жүр деп болжадым. Бірақ, олай жалаңаштудың қажеті жоқ сияқты. Астанада да мұндай жағдайлар болып тұрады, түкке таң қалмайтын болдық», — деп күлді тұрғын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді