jasqazaq.kz

Жартылай жалаңаш көлік үстіне шыққан елордалық жігіт жазаланды (видео)

23 мамыр 2020, 18:48

Әлеуметтік желіде төбесіне адам отырғызып, жүріп бара жатқан көліктің видеосы тарады.

22 мамырда әлеуметтік желіде «Тойота» маркалы көліктің Нұр-Сұлтандағы орталық саябақ маңында төбесіне адам отырғызып, жүріп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Елорда полицейлері көліктің рөлінде 24 жастағы жігіт болғанын анықтады. Ол осылайша жолаушы тасымалдау ережесін бұзған. Оның үстіне, оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен және сақтандыру полисі жоқ болып шықты.

Автокөлік автотұраққа қойылды. Автомобиль жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бес бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол жалпы сомасы 125 010 теңге айыппұл төлейді.

Көліктің төбесінде оның 24 жастағы досы болған. Оған қатысты да кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырылған. Салынған айыппұл көлемі — 9 723 теңге.

https://youtu.be/P1KIlBfnLII

inform.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия