jasqazaq.kz

Жартылай көмілген қабір жұртты шошытты

11 қыркүйек 2018, 22:11

Павлодарда тұрғындардың бірі марқұмның дұрыс жерленбегенін байқап қалып, ұялы телефонына түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Туысының басына барған әйел жартылай көмілген қабірден ақ матаның шығып тұрғанын көргенде шошып қалыпты. Кейін ғаламторға жүктелген бейне желі қолданушыларының да жағасын ұстатты. Сөйтсе, жақындары жоқ ер адамды көмуге кіріскен зират қызметкерлеріне сол жерде пайда болған аралар тап берген екен. Араға әбден таланған жұмысшылар мәйітті жартылай ғана көміп үлгеріп, әрең қашып құтылыпты. Мұны растаған зират басшылары жәндіктер сабасына түсісімен, мәйітті қайта жерлеуге кірістік деп отыр.

Анатолий Конвишер, ЖШС басшысы: – Осы саладағы 33 жылдық тәжірибемде мұндай жайтқа бірінші рет кезігіп отырмын. Мәйітті көмген жер астында ара ұясы болған сияқты. Үріккен жәндіктер жұмысшыларға тап берген. Қайта олар қатты зардап шекпеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді