jasqazaq.kz

Жарнасыз автонесие құны 10 млн теңгеден аспайтын көліктерге ғана беріле ме?

24 ақпан 2022, 12:10

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев жаңадан іске қосылатын жарнасыз автонесие бағдарламасын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие береміз дедік. Ал бүгін «Ол кредит тек қана құны 10 млн теңгеден аспайтын белгілі бір модельге ғана беріледі екен» деп жатыр. Бұл да фейк ақпарат. Ол көлік құнына байланысты емес. Берілетін кредитке байланысты. Яғни, 10 млн теңгеге дейін кредит беріледі. Егер машина құны осыған сай болса емін-еркін аласыз. Ал алатын машинаңыздың құны одан қымбат болса, онда сіз 10 млн үстіндегі 1 не 2 млн теңгені қалтаңыздан төлейсіз», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, кейбір БАҚ жаңа автонесие бағдарламасы автомобильдің тек 2-3 моделіне берілетіндігін жазып жатқанын айтты. «Ондай емес. Барлық модельге беріледі. Бірақ, Hyundai Palisade сияқты қымбат модель бар. Оларға берілмейді. 25 млн теңгеге машина сатып алуға жағдайы бар адамдар өз қаражатына алсын. Біздің ойымыз — қалтасы көтермейтін халықты қолдау», — деді Марат Қарабаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде