jasqazaq.kz

Жарқанаттың ұясы болмайды

28 қантар 2019, 18:04

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде жарқанаттың ұясы қомақты қаражатқа сатылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанда жарқанат популяциясының есебі жүргізілмейді.

«Әлеуметтік желідегі «жарқанаттың ұясы 250 мың долларға сатылып жатыр» деген ақпарат өтірік. Сонымен қатар «Оның ұясы сатылады. Одан дәрі-дәрмек жасалады» деген әңгіме де шындыққа жанаспайды. Бұл – аңыз, себебі жарқанаттар ұя салмайды», — деді ол.

Осы орайда ол әлеуметтік желіде және Instagram-да жариялаған видеоларды көргенін айтып, оларға да қатысты пікірін білдірді.

«Ондағы (видеодағы – автор) азаматтар «хайп» ұстап, қалтасындағы ақшаны шығарып жатыр. Осы уақытқа дейін жарқанаттың ұясы сатылды» деген ақпарат болған жоқ. Сондықтан әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Сәкен Ділдахмет.

Сонымен қатар ол еліміздегі жануарлар дүниесі заңмен қорғалатынын және реттелетінін атап өтті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық