jasqazaq.kz

Жаркент тұрғыны 15 жасында сыныптасынан зорлық көргенін айтты

23 қантар 2019, 10:42

33 жастағы Мөлдір Жұмабаева осыдан 15 жылдай уақыт бұрын басынан өткен ауыр оқиға туралы айтты. Жаркент тұрғыны мектеп бітіру кешінде өз сыныптасынан зорлық көргенін мәлімдеді.

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Мөлдір Жұмабаева осыдан 15 жыл бұрын өзі жақсы танитын сыныптасынан зорлық көрген.

“Кеш бір қыздың үйінде болды. Сол кеште сөйлесуім керек деп көлікке шақырды. Мектепте бірге жақсы оқығанбыз. Жақсы араласатынбыз, дос, сырлас болатынбыз. Бір-бірімізге көмектесетінбіз”, – деген Мөлдір өзін зорлаған жігіттің есімін жасырып қалды.

Айтуынша, мектеп бітіру кешіне оқушылардың ата-аналары да қатысқан. Тек олар уақыт 12-ге таяғанда үйлеріне тарқасқан. Бұдан кейін сыныптасы арам ойын жүзеге асырған көрінеді.

“Сағат 12-де бәріміз бір-бір шөлмек шарап іштік. Бардым, көлікке отырдым. Содан қылықтары басталды. Мүмкін 1 сағат, 2 сағат. Білмеймін, өте көп уақыт болған сияқты. Аяғына дейін күрестім. Бірақ күшім жетпеді”, – дейді Жұмабаева.

Бұл оқиғадан кейін Мөлдір көп салмақ тастап, анорексияға шалдыққан. Бұл туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. Тек біраз уақыттан кейін әлденеден сезіктенген құрбысына жан сырын ақтарып, содан кейін жеңілдегенін айтады. Бүгінде ол зорлыққа ұшыраған қыздарға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіп жүр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық