jasqazaq.kz

Жаркент әкімі дөрекілігі үшін қатаң сөгіс алды (Видео)

07 мамыр 2021, 11:12

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады.

«Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 70-ө өкімімен Б.Ш. Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны анықталды», — деп хабарлады ҚР МҚІА баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz хабарлағандай, бұған дейін Жаркент әкімінің жүргізушілермен кездесуі Желі қолданушыларын ашуландырған еді. Оқиға 22 сәуірде болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Кейін Болат Омаровтың 24.kz журналисіне берген сұхбаты жарияланды. «Әкімдер» бағдарламасының тілшісі Асхат Ниязов шенеунікке сағаты жақсы екенін айтады. Оған әкім ашуланып «Қайдан білесің жақсы екенін, қарап көр» деп шешіп береді. Тілші сағаттан «Giorgio Armani» деген жазуды оқиды. Омаров тілшіден жұмысқа қатысты сұрақ қоюын сұрайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия