jasqazaq.kz

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде алаңға шыққандарға металл арматура таратқандар ұсталды

21 ақпан 2022, 13:25

Алматыда болған жаппай ереуіл кезінде алаңға шыққандардың қолдарына металл арматура ұстатқан 6 алматылық тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлім етті.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы барысында 2 мыңнан астам бұрын жасалған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Сонымен қатар іздеуде жүрген 327 қылмыскер ұсталды. Мысалы, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан Алматы қаласы мен Алматы облысының 6 тұрғыны ұсталды. Олар құқық қорғау органдары және әскери қызметшілерге қарсы шығу үшін ереуілге қатысушыларға металл арматур таратқан», — деді Дәурен Қозыбақов онлайн өткен брифингте.

Одан бөлек, ІІМ өкілі жедел-профилактикалық шара аясында кәмелет жасына толмаған балаға шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын айтты.

«2017 жылы Шымкент қаласында көшеде атыс қаруын қолдана отырып, кәмелетке толмаған баланы өлтіруге қатысушы ретінде халықаралық іздеуде жүрген күдікті араға бірнеше жыл салып Тараздан ұсталды», — дейді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде