jasqazaq.kz

Жаппай тәртіпсіздік: Әкімдік ғимаратына кірген екі көпбалалы ана үйқамаққа алынды

26 қантар 2022, 14:36

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарған екі көпбалалы ананың үстінен іс қозғалды.

Облыс орталығында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, тәртіпсіздікке орын берген. Видеожазбада олардың тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтқаны, ғимаратқа заңсыз кіргені көрсетілген. Екі азаматшаға қатысты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркелді. Факті бойынша жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жүргізілген. Екі азаматша қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Олардың асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы және олардың денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініші ескеріліп, бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Әрбір дерек мұқият зерделенеді. Нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді