jasqazaq.kz

Жапонияға тайфун төніп келеді

14 тамыз 2019, 17:41

«Кроса» тайфунының жақындауына байланысты Жапонияның Кюсю аралын басқа аудандармен байланыстыратын 400-ге жуық ішкі әуе рейстерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 170 әуе рейсі тоқтатылған. Сондай-ақ, бейсенбіге жоспарланған 228 ішкі әуе рейстері кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта тайфун Танэгасима аралынан шығысқа қарай 190 шақырым жерде. Желдің орталықтағы жылдамдығы секундына 30 метрді құрайды, ал ұйытқуы кезінде секундына 40 метрге дейін артады. Толқындардың биіктігі 9 метрге жетуі ықтимал. Тайфун Кюсю аралына бейсенбіге қараған түні төнуі мүмкін, ал алдағы 24 сағатта батыс жағалау мен Сикоку аралының орталық аудандарына, сондай-ақ, Хонсю аралының орталық аудандарына жетеді деп күтілуде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда