jasqazaq.kz

Жапониядағы су тасқынынан 100 адам қаза тапты

09 шiлде 2018, 13:52

Жапонияның батыс бөлігінде толассыз жауған жауын-шашыннан су тасқыны мен көшкін орын алып, салдарынан кем дегенде 100 адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC.

The Japan Times басылымының хабарлауынша, тағы 50 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бейсенбіден бастап Жапонияның батыс бөлігінде шілде айындағы қалыпты жауын-шашын көлемінен үш есе көп жаңбыр жауған. Екі миллион адам өзеннің арнасынан шығып, тасуына байланысты эвакуациялануға мәжбүр болды. «Біз бұрын-соңды мұндай жаңбырды көрген жоқпыз», — деп мәлімдеді Жапония метеоқызметі. Құтқарушылар дүйсенбі күні таңертең болған лай көшкінінен аман қалғандар немесе қаза тапқандардың денесін іздестіріп жатыр. Окаяма префектурасының ресми өкілі мәлім еткендей, судың деңгейі ақырын төмендеп жатыр. Қаза тапқандардың көбі Хиросима префектурасында тіркелген. Премьер-министр Синдзо Абэ жексенбі күні құтқарушылардың «тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын» хабарлады. «Із-түзсіз жоғалған адамдар көп, басқаларға көмек көрсету қажет», — деді ол журналистерге.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді