jasqazaq.kz

Жапониядағы су тасқыны 204 адамның өмірін қиды

13 шiлде 2018, 11:03

Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарында болған су тасқынынан қаза болғандардың саны 204 адамға жетті. Бұл туралы бас хатшы Ёсихидэ Суга Токиода өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Осыған дейін төтенше жағдайдан 200 адамның қаза болғаны хабарланған еді. «204 адам қаза болды. 28 адам із-түссіз жоғалып кетті. Тағы 54 адамның қайда екенін растай алмай отырмыз», — деді бас хатшы. ©REUTERS Сондай-ақ, ол зардап шеккен 58 елді мекенге 35 миллиард иен (шамамен 350 миллион доллар) көлемінде субсидия бөлу туралы шешімнің қабылданғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында өзіндік қорғаныс күштерінің және полицияның 73 мың қызметкері жұмыс істеп жатыр. Басылымның мәліметінше, 5 000 адам эвакуациялық елді мекендерге орналастырылды. Онда 5,5 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. ©REUTERS Айта кетейік, өткен аптаның соңында қатты жауған жаңбырдың салдарынан Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарын су басқан еді.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді