jasqazaq.kz

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды (Видео)

17 наурыз 2022, 10:18

16 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 23:36-да (Нұр-Сұлтан 20:36) жойқын жер сілкінісі болды. Бастапқыда елдің ұлттық метеорологиялық бюросы жариялаған мәліметте жер сілкінісінің күші 7,3 болса, кейін 7,4-ке көтерілген. Жерасты дүмпулері Тынық мұхитының Фукусима префектурасына жақын жерде 57 шақырым тереңдікте болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews және РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 126 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан.

Оқиға салдарынан екі миллионға жуық үй электр жарығынсыз қалған, оның 700 мыңы — Токиода. Қазіргі уақытта электр қуаты қалпына келтірілді. Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында төрт мыңнан астам үй шаруашылықтары сусыз қалған.

Жер сілкінісінен кейін метеорологтар 11 жыл бұрын толқыннан атом электр станциясына зақым келген Мияги және Фукусима провинцияларында цунами қаупі барын хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін цунами қаупі толығымен жойылған. «Фукусима-1» АЭС аймағындағы радиациялық фон жоғарылаған жоқ.

Бейсенбі күні таңертең аймақта магнитудасы 2,5-тен жоғары жел сілкінісі болды, ол қатарынан 20 рет қайталанған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде