jasqazaq.kz

Жапонияда Олимпиада ұйымдастырушылары арасынан 15 адам коронавирус жұқтырды

17 шiлде 2021, 13:59

Токиода жазғы Олимпиада ойындарына байланысты адамдар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың кемінде 15 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы сенбіде Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мәлім етті. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның арасында Олимпиада нысандарында жұмыс істеп жүрген жеті қызметкер, екі журналист және жарысты ұйымдастырушы алты адам бар.

Соңғылардың бірі – Токиодағы олимпиада қалашығы аумағында вирусты алғашқы жұқтырған адам. Ол шетелдік құраманың мүшесі болғаны белгілі, бірақ спортшы емес.

Қазіргі уақытта Жапонияға келген спортшылардан және бірнеше елден келген команда мүшелерінен коронавирус анықталды.

Ол Израиль, Уганда және Сербияның атлеттерінен, сондай-ақ Нигерия мен Ресей құрамаларының қосалқы қызметкерлерінен табылды.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болған.

Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалды, енді ол 23 шілдеден 8 тамызға дейін өтеді.

Ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады, сонымен қатар жергілікті көрермендер Токионы қоса алғанда, алты жапон префектурасында олимпиада шараларына жіберілмейді.

Жарыс басталардан алты күн бұрын Токиода жаңа коронавирустың таралуына байланысты жағдай қиындады: Жапония астанасында анықталған жаңа жағдайлардың тәуліктік өсімі мыңнан асады.

12 шілдеден бастап Токиода эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі қайтадан күшіне еніп, 22 тамызға дейін жалғасады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия