jasqazaq.kz

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды

11 қантар 2021, 14:33

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы  Kyodo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жексенбі күні ресми дереккөздер Токионың Ханэда әуежайына Бразилиядан ұшып келген төрт адамның коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғанын мәлімдеді. Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының қазіргі кезде вирустың жаңа нұсқасының бұған дейінгі вирусқа қарағанда жылдам таралатындығы немесе күрделі белгілерінің бар-жоғы туралы дәлелі жоқ. Институт басшысы Такаджа Вакита жаңа нұсқаның (штамм) Ұлыбритания және Оңтүстік Африкада таралып жүрген вирус түріне ұқсас екенін қосып өтті.

Коронавирустың бұдан да қауіпті нұсқаларының екі елде анықталуына қатысты алаңдаушылығын білдірген Жапония үкіметі шетелдік резидент емес азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі төрт жолаушының Ханэда әуежайына 2 қаңтар күні Бразилиядан келгенін хабарлады. Әуежайдағы карантиннен кейін олардың коронавирустық инфекцияға тапсырған тесті оң болып шыққан.

Олардың ішінде 40 жастағы ер адам тыныс алуы нашарлағанына, 30 жастағы әйел тамағы мен басының ауырғанына шағымданды, ал жасөспірім баланың дене қызуы көтерілген. Төртіншісі, жасөспірім қыз балада аурудың ешқандай белгілері болған жоқ.

Қазіргі кезде Жапонияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 мыңнан астам жаңа оқиғасы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 289 мың адамнан асқан. Елде қауіпті вирустың таралуынан 4 мыңнан астам адам қайтыс болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия