jasqazaq.kz

Жапонияда ірі сауда орталығына кіріп кеткен аю жұртты шошытты

19 қазан 2020, 12:15

Дүйсенбі күні Жапонияның Исикава префектурасының Кага қаласындағы ірі сауда орталығына аю кіріп кетіп, ондағы қызметкерлер мен сатып алушылар шұғыл эвакуациялаған. Бұл туралы  NHK телеарнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазіргі кезде өлшемі шамамен бір жарым метр болатын жыртқыш супермаркет және көптеген дәмханалар орналасқан ғимараттың ішінде әлі жүр.

Жабайы аңның жүрген жерін іштегі бейнетаспалар арқылы қадағалануда. Ғимаратқа сондай-ақ таспасы бар дрон ұшырылды. Сауда орталығын полиция қызметкерлері қоршап алған. Жақын маңдағы үйлер мен мейрамханаларда жүрген адамдарды сақ болуға шақырды.

Аю сауда орталығының ғимаратына ол ашылмас бұрын тауарларды жеткізуге арналған артқы есіктен кіріп кеткен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия