jasqazaq.kz

Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы Синдзо Абэ қайтыс болды

08 шiлде 2022, 15:05

Бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні белгісіз біреу атып кеткен болатын. Арада бірнеше сағат өткенде экс-премьер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ақпарат агенттігі либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы ауыр жарақат алғанын хабарлаған еді. Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен. Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілген.

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол — шамамен 40 жастағы ер адам.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық