
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады және халық өкілі ретінде алғыс білдірді, — деп хабарлайды РИА Новости.
Өз кезегінде Акихито халқына соңғы сөзін айтты. Салтанатты шара Токиодағы император сарайының «Сэйдэн Мацу-но-ма» залында өтіп жатыр. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасап жатыр. Залда шамамен 300-ге жуық адам бар, оның ішінде — монарх жарымен бірге келген, оның мұрагері Нарухито жарымен, императорлық отбасының мүшелері, сондай-ақ биліктің үш тарауының өкілдері қатысып жатыр. Акихито өз қызметінде 30 жылға жуық отырған.