jasqazaq.kz

Жапон инвесторлары Арыстағы жағдайға көмектесуде

25 маусым 2019, 17:39


Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге тілек білдіріп отыр. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуде жапон компаниясының өкілі осылай мәлім етті.
ҚазАқпарат  хабарлағандай, «Түркістан облысындағы қайғылы оқиға туралы бәріміз де хабардармыз. 40 мыңнан астам зардап шеккендер бүгінде үйіне орала алмай отыр. Жапониядағы атом электр стансасындағы апат кезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оны ұмытқан жоқпыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесуге деген ниеттеміз», – деді «Tokyo Rope Almaty» ЖШС-нің бас директоры Такеяма Тошио. Өңір басшылығымен кездесу кезінде жапон инвесторлары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күн шығыс елінің бизнес — компанияларының Атырау өңіріне қызығушылық танытуының себебі — Қазақстанның мұнай-газ саласындағы неғұрлым ірі жобалары осында шоғырланған. Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Атырауға «Metal One Corporation», «Metal One Steel Products Corporation» және басқа да компаниялардың басшылығы келді. ​Әлем бойынша болат өнімдерін өңдеумен шұғылданатын 160 жапондық және шетелдік компанияларымен жұмыс жасайтын «Metal One Corporation» компаниясы болат дистрибьюциясы саласындағы көшбасшы болып табылады. «MetalOneSteelProductsCorporation» жалпыұлттық көлемде сым шыбықтарын, арнайы болат және тот баспайтын болат шығарумен айналысады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев инвесторларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Елбасының, Президенттің ел экономикасына инвестициялар тартуға зор маңыз беріп отырғанын атап өтті. «Біз тиімді қарым-қатынас үшін қажетті барлық жағдайды жасаймыз, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор», – деп атап өтті өңір басшысы. ​Жапондық инвесторлар өнім өндіретін өз зауытын салуды жоспарлап отыр. Жұмыс сапары кезінде олар болашақ құрылыстың алаңшасын қарайды. Сондай-ақ индустриалдық мұнай химиясы технопаркінің жұмысымен танысады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде