jasqazaq.kz

Жапаров мас шенеунікті жиында көрсетті (Видео)

07 маусым 2021, 16:04

6 маусымда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров сот және құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі кеңестің бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырғыз басшысы жиын алдында видео қостырды. Видеода мас адам кеңсесінің есігін аша алмай әбден әуреге түседі.

«Таныдыңыз ба? Кім екенін білесіз бе?» — деп сұрады Садыр Жапаров жанында отырған Жоғарғы соттың төрағасы Нұргүл Бәкіровадан.

— Шу облыстық сотының басшысына ұқсайды, — деп жауап берді ол.

— Дөп түстіңіз!

Садыр Жапаров Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Оңолбековке қатысты шара қолдануды тапсырды.

«Ол күн сайын жұмысқа осылай мас күйінде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, судьялар өзгермейінше, біздің реформа нәтиже бермейді, — деді Садыр Жапаров.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия