jasqazaq.kz

Жап-жас қыз есірткі сатумен айналысқан (видео)

26 қантар 2021, 14:02


Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды.

11 қаңтарда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында “скорость” және “мефедрон” психотроптық заттарын таратумен айналысқан 21 жастағы қызды ұстады. Бойжеткен оңай олжаға кенелу мақсатында Өскемен қаласының аумағында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен, яғни алдын ала белгілі бір орындарға қойып кету арқылы сатуды және ақысын қолма-қол ақшасыз алуды ұйымдастыруды шешкен. «Ұстау барысында күдіктінің пәтерінен 650 рет қолдану дозасына тең 200 грамнан астам психотроптық заттар алынды, оның қара нарықтағы бағасы 2 млн теңгеден артық соманы құрайды, сондай-ақ есірткі дозаларын орауға және өлшеуге арналған құралдар «, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

https://www.youtube.com/watch?v=aMEDXj1F8JQ&feature=emb_logo

Polisia.kz.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде