jasqazaq.kz

Жанып жатқан автобуста балалар болған: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты (Видео)

10 желтоқсан 2021, 12:36

Ақтауда салонында балалар отырған автобус өртенді. Оқиғаның мән-жайын оқиға куәгерлері айтып берді, — деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 9 желтоқсанда сағат 17.30 шамасында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 17.43-те өрт толық сөндірілген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оқиға куәгері Русланның айтуынша, Приморский ауданы тұсынан өтіп бара жатқанда түтін шығып жатқан автобусты көріп, бірден соған қарай жүгірген.

«Автобусқа қарай жүгіргенімде, капоттың алдыңғы жағы өртеніп жатты. Көлікте балалар болды. Қанша екенін нақты айта алмаймын, бірақ автобустың артында бала толып отырды. Адамдар жүгіріп келіп, балаларды шығаруға көмектесті. Балаларды бір-бірімізге беріп тұрдық. Олар қорқып қалды. Соңғы баланы шығарғанда автобус түгел отқа оранды», — деді төтенше жағдай куәгері Руслан.

Екінші куәгер де өртенген автобуста балалар болғанын айтты.

«30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа отырғызып, алып кетті. Содан кейін ата-аналар келіп жылап, айқай-шу басталып кетті. Олар балаларын басқа автобусқа отырғызғанын білмеген шығар», — деді екінші куәгер.

Автобуста жолаушылар, оның ішінде балалар қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі Ақтау-парақшасында жоққа шығарылды.

«ПАЗ-320530 маркалы жолаушы автобусы жол бойында толық жанып кетті, өртсөндірушілер келген кезде автобуста жолаушылар болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 17:43-те сөндірілген. Оның себебі анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде