jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

13 сәуiр 2021, 17:07

Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі деп танылған 59 жастағы әйел сотталды. Полиция оқиғаның видеосын жариялады.

Жол апаты Алматы қаласының Бостандық ауданында болды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Toyota Land Cruiser Prado» көлігінің жүргізушісі Есқараева көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылысқан жерде «жол беріңіз» белгісін елемей, жол қиылысына шығып кетіп, сол жерде Розыбакиев көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатқан «Lexus GX-300″ маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Оның айтуынша, «Lexus» инерциямен жол жиегінде тұрған төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олардың бірі – 1992 жылы туған қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Тағы бір жаяу жүргінші – 1994 жылы туған жігіт ауруханада қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер медициналық мекемелерге жатқызылды», – деп толықтырды Әбдірахманов.
Тергеу және сараптамалық зерттеулер кезінде жүргізуші әйелдің кінәсі дәлелденді. Алматы қаласының Бостандық аудандық соты оны бес жылға бас бостандығынан айырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде