jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апатынан қаза болған полиция қызметкерлерінің суреттері жарияланды

15 қазан 2020, 15:00

15 қазан күні таңертең Щучье қаласында жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты. Әлеуметтік желілерде марқұмдардың суреттері мен олардың Нива көлігін қаққан шетелдік көлікте болғандар жайлы мәліметтер пайда болды. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Жаңа деректер shchuchinsk_info_portal сайтында жарияланды. Апат салдарынан учаскелік полиция инспекторлары: 38 жастағы полиция капитаны Отарбаев Қанат (2005 жылдан бастап органда жұмыс істейді) және 33 жастағы Хамидуллин Қанат (2009 жылдан бастап органда жұмыс істейді) оқиға орнында қайтыс болды. Учаскелік полиция капитаны Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен үш баласы қалды және органда қызмет етіп жүріп, 22 мәрте марапатқа ие болған. Екінші учаскелік полиция капитаны Қанат Хамидуллиннің артында жүкті әйелі мен бір ұлы қалды, органда қызмет етіп жүріп, 23 мәрте мараптқа ие болған.

15 қазан күні таңертең учаскелік қос полиция қызметкері оқиға орнынан қайтып келе жатқанда, олар мінген Ниваны Lexus көлігі барлық жылдамдықпен ұшып кетті. shchuchinsk_info_portal мәліметі бойынша, шетелдік көлікте 1995, 1992 және 2001 жылы туылған үш ер адам болған. Барлығы түрлі дене жарақаттарын алған, сынған жерлері де бар. Үшеуі де мас болған.

Полиция шетелдік көліктің жүргізушісі анықталғанын, ол бұрын сотталған Шучье қаласының 25 жастағы тұрғыны екенін айтты. Расталмаған мәліметтер бойынша, оған жабық бас жарақаты, ми шайқалуы және жамбастың жабық сынуы диагнозы қойылған.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық