jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апатынан белгілі волонтер қайтыс болды (видео)

19 сәуiр 2022, 11:12

Кеше Шымкент маңында жантүршігерлік жол апаты болып, белгілі волонтер қайтыс болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Алматы-Шымкент тасжолында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар мінген минивэн жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota Alphard жүргізушісі Шымкентке жақындай бергенде жол апатына ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші қашықтықты сақтамаған.

Жолаушылардың бірі жедел жәрдем көлігінің ішінде жан тапсырған, тағы алтауы аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, екі адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Біреуі алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілген. Ал көлік жүргізушісі жеңіл жарақаттанған, тек қатты есеңгіреп қалған көрінеді. Жол апатының себебін қазір полиция анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, қайтыс болған әйел Алматыда белгілі волонтер, жануарлар құқығын қорғаушы Гауһар Серік екені анықталды. Бұл туралы еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

«Бүгін қайғылы оқиға орын алды. hvostiki_i_my парақшасының волонтеры Гауһар қайтыс болды. Жас, сұлу қыз, аяулы ана, жүрегі кең, жаны мейірімді Гауһар үш жасар кішкентай ұлын қалдырып кетті.

Гауһар көп жануардың өмірін сақтап қалған тамаша адам. Оның арқасында жүздеген жануар өмір сүріп жатыр. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздермен бірге қайғырамыз», — делінген хабарламада.

https://youtu.be/WLvEpTkmP00

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр