jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апатынан әскери қызметкерлер қаза тапты (видео)

03 қазан 2018, 10:52

Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағы маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтысығып, салдарынан оқиға орнында үш адам, ауруханада бір адам көз жұмған.

NUR.KZ.  жазғандай,  қазір дәрігерлер тағы бір азаматтың өмірі үшін күресіп жатыр. Көлік апаты 1 қазан күні саябақ алдындағы қиылыста болған. Бейнебақылаудың жазбасынан жүйткіген «ВАЗ» жүк көлігінің алдынан өтемін деп, онымен соғысып қалғанын көруге болады. Салдарынан жеңіл көлік жаншылып қалған.
Полиция қызметі екі жүргізушінің де мас күйде болмағанын айтты. Ал аман қалған жүк көлігінің жүргізушісінің 40 жылдық тәжірибесі бар екен.
Жергілікті полиция қызметі жолаушылардың қатарында Қызылордадағы 66597 бөлімінің әскери қызметкерлері болғанын айтады. Марқұмдардың ішінде бір әйел болған.
Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бас бостандығынан бес жылдан 10 жылға дейін айыру, қызметтерден босау және сол іспен жеті жылға дейін айналыспау сынды жазаларды бекітеді.

https://www.youtube.com/watch?v=aRMzeg7SFv4&feature=youtu.be

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді