jasqazaq.kz

Жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

27 желтоқсан 2018, 15:16

Қазнетте бірнеше адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ІІМ өкілдері видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екенін айтты. «WhatsApp-та жол апаты салдарынан адамдардың денелері түсірілген видео таралып жатыр. Ол жағдайдың біздің елге ешқандай қатысы жоқ», — деп хабарлады ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. Kaktus.media мәліметінше, 16 желтоқсанда Бішкек-Нарын-Торугарт тасжолында ірі жол апаты болған. Нәтижесінде бес адам қаза болған. Олардың төртеуі Toyota Ipsum көлігінде отырған. Ал Volkswagen Passat көлігі өртеніп, ондағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Toyota Ipsum көлігінде жеті адам болған, ал Volkswagen Passat көлігінде жүргізуші ғана болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Ipsum жүргізушісі Бішкек — Тоқмақ бағытымен келе жатып, көлік тізгінін басқара алмай, Volkswagen Passat көлігімен соғысқан.

https://youtu.be/i8vDYg9t-3I

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер