jasqazaq.kz

Жантүршігерлік видео: Алматы облысында ер адам көлігімен жылқыны басқан

18 шiлде 2022, 18:17

Желіде Алматы облысында жол талғамайтын көлікпен жылқыны басып өтпек болған ер адамның әрекеті қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ер адамның жерде жатқан жануарды жол талғамайтын көлікпен әдейі басқаны көрінеді. Пікір білдіргендер ер адамның әрекетін айыптап, полицияны бұл іске назар аударуға шақырған.

Күдіктіні полиция ұстады. Тәртіп сақшылары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде көлікпен жылқыны басып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырысқан.

«Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында прокуратурамен келісе отырып, ұсталған адамға келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр