jasqazaq.kz

Жансейіт Түймебаев: Қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейінде қолданатын кез жетті

11 желтоқсан 2019, 16:59

Елордада «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтіп жатыр.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өткізіп отыр. Форумның мақсаты – Қазақстан халқының 30 пайызын құрайтын басқа ұлттардың қазақ тілін – мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолданып жатқанын көрсету. Осыған орай қазақ тілін жетік меңгерген орыс, украин, поляк, эстон, күрд, кәрістер 14 облыстан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келіп отыр», — деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев форум алдында тілшілерге берген сұхбатында. Жансейіт Түймебаевтың айтуына қарағанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі форумы тек қазақ тілінде өтеді. «Осы орайда айтпағым: Елбасымыздың «Елге деген көзқарас – тілге деген көзқарас» деген сөзін атап өткім келеді. Сондықтан, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың қазақ тілін – мемлекеттік тіл есебінде, ұлтаралық тіл есебінде қолданатын кезі жетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «қазақ тілі таяу келешекте ұлтаралық тіл ретінде қызмет атқаруы қажет» деген сөзін еске салсам деймін. Міне, осы жұмыстардың жүзеге аса бастағанын көрсету мақсатында осындай форумды бірінші рет ұйымдастырып отырмыз», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда