jasqazaq.kz

Жансая Әбдімәлік : «Головкин сияқты үздік боламын » тек шахматтан

29 қараша 2017, 21:17

Шахматтан Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік сайыстарда ұзақ уақыт шыдап отыру үшін жүзумен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Жансая Әбдімәлік жақында Италияның Тарвизио қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қалай жеңіске жеткенін баяндады. Айта кетейік, Жансая аталған әлем біріншілігінде қажетті 11 ұпайдың 9,5-ін жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Жансаяның айтуынша, бұл жеңісі оған 2018 жылы әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға жол ашқан.

«Тарвизио қаласында өткен сайыс өте күрделі болды. Соңғы турға дейін аянбай айқасуға тура келді. Турнирге қатысушылар арасында мен рейтинг бойынша үздіктердің бірі болғаныма байланысты қарсыластарым маған бар күшін жұмсады. Бірақ мен бұл сайысқа жарты жыл тыңғылықты дайындалдым», – деді Жансая Әбдімәлік.

Журналистердің сұрағына жауап берген спортшы үлкен сайыстарда шахмат тақтасы алдында ұзақ уақыт тапжылмай отыруға не көмектескенін айтып берді.

«Мен жүзумен айналысамын. Оның көмегі зор. Күнде барамын, жаттықтырушым бар, 1,5 сағат жүземін. 2015 жылы әлем чемпионаты алдында мен ауырып қалып, жүзуге бара алмадым. Соның кесірінен мен сайыстың соңына қарай шаршап жүрдім. Соңғы турда тіпті қатты шаршадым. Егер мені түн ортасында оятып мына ойынды қалай аяқтар едің десе, айтып берер едім, бірақ әлсіздіктен мен соңғы ойында қиналдым. Кофе де іштім, шоколад та жедім», – деді спортшы.

Жансая, сонымен қатар, үлкен сайыстан кейін қалай демалатынын айтты.

«Үлкен сайыстан кейін шахмат туралы ойламауға тырысамын. Ән тыңдап, таза ауада серуендеймін. Мен Геннадий Головкин сияқты боламын, тек шахматтан», – деді ол.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды