
Жанкүйерлер футболшыларға тас лақтырды Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бельгиядан (1:2) жеңілген Бразилияның футбол командасын Рио-де-Жанейрода 30 адам қарсы алды.
КТК хабарлағандай, жанкүйерлер Неймарды да күткен еді, алайда оны көре алмады. Ол жеке ұшағымен бірден Риодан 100 шақырым жерде орналасқан вилласына барды деген болжам бар. Оларға жанкүйерлері ойындарына наразылық көрсетіп жұмыртқа, тас, қызанақ түрлі заттарды лақтырған болатын. Бірақ бұл жалған ақпарат болып шықты. Таспа наурызда түсірілген және Бразилия құрамасына ешқандай да қатысы жоқ болып шықты. Видеода белгісіз біреулердің Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның саяси партиясы мүшелеріне жасаған шабуылы бейнеленіпті. Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет Бразилия 2002 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.