
Венгрияда жанкүйерлер алаңдағы футболшыларға тап беріп, төбелесе кетті.
Оған клубтың ел чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалуы себеп болды.
Венгриядағы ең танымал «Дебрецен» футбол клубы осы маусымдағы ұлттық біріншілікте өз тобынан шығып қалды. Бұған қатты ашуланған жанкүйер-көрермендер қорытынды матчтан кейін алаңға лап қойып, футболшылардан өшін алды.
Бір-бір футболшыға тап берген жанкүйерлер»бұған лайық емессіңдер» дегендей олардың үстіндегі жейдені шешіп ала бастады. Ал одан бас тартқан ойыншыларға күш қолданылды. Ашулы қауым стадиондағы диктордың сөзін тыңдамады, тіпті оларды тоқтатпақ болған судья мен полиция қызметкерлерін де елемеді.