jasqazaq.kz

Жанқош Тұраров спорттық мансабын аяқтағаны рас па?

02 сәуiр 2018, 14:58

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шаршы алаңға шықпады. Тіпті әлі де жаттығуын бастаған жоқ. Ел арасында «Жанқошты спорттық мансабын аяқтап, былғары қолғабын шегеге ілді», деген әңгіме де өріп жүр.

Расында, Астанада өткен дүбірлі додада өнер көрсеткен біраз спортшылар кезекті жекпе-жектерін өткізіп те үлгерді. Qsport.kz порталының тілшісі спортшыға арнайы хабарласып, мәселенің анық-қанығын сұрады.

Көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа Жанқош: «Мансабымды аяқтады деген жалған ақпарат. Алла қаласа, жақын күндері АҚШ еліне аттанамын. Америкада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сол жақта келесі жекпе-жегімнің мерзімін анықтайтын боламыз. Шаршы алаңға нақты қашан оралатыным белгісіз, бәлкім келесі жекпе-жегім маусым айында өтуі мүмкін. Бұның бәрі АҚШ еліне барғанда шешіледі», – деп жауап берді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні, Астана қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйге (21-5-0, 18 КО) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бұл отандасымыздың 22-жеңісі. Әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды