jasqazaq.kz

Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

02 маусым 2019, 12:15

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді. Ол 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген еді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы жиырма үшінші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда кездесу өткізген. Кардиффтегі бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те шаршы алаңға шықты. Никарагуалық Серхио Гонсалесті жекпе-жек аяқталуға 16 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Жанқош пен Сұлтан келесі жекпе-жектерін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешін де MTK Global ұйымдастырады.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде