jasqazaq.kz

Жәния Журинская: Байқоңырдағы орыс мектептерінде тек қана Ресей туралы айтылатыны жыныма тиеді

09 тамыз 2021, 10:10

Жәния Журинская Байқоңыр қаласында оқушылардың Ресей білім беру бағдарламасымен оқитынына ашуланды. Актриса соңғы 20 жылдықтың ішінде туған жерінде ешқандай өзгеріс болмағанын айтып күйінді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі уақытта актриса өзінің туған жері Байқоңыр қаласында.

«Осында тудым, мектеп бітірдім. Жылына 1/2 рет туыстарыма келіп тұрамын. Не жыныма тиеді, білесіздер ме? Мұнда ештеңе өзгермейді! Дамымайды!

Иә, бір жерде саябақ соққан. Ал қалғаны менің балалық шағымдағыдай.
Есік алдында бірде бір әткеншек болмаған, қазір де жоқ», — дейді Жәния.

Джуринскаяның айтуынша, орыс мектептерінде тек қана көршілес Ресей елі туралы айтылады. Тіпті, мектепке кіре беріс жерде көрші елдің гимні тұрған көрінеді. Қазақша білмеуімнің басты себебі де осы, дейді актриса.

«Орысша мектептерде, оның ішінде мен оқыған мектепте тек қана ресейлік бағдарламамен оқытатыны жыныма тиеді.

Мектепке кіре беріс жерде Ресей гимнінің мәтіні ілулі тұратын (неге 2 гимнді ілмеске?)

Барлығы тек Ресей жайында. Қазақша жаза да, оқи да алмауымның себебі біздің мектепте мүлдем болмауында!

(Өзім ойнаған сериалдардың арқасында қазақшам кішкене жақсарды, буындап оқуды үйрендім).

Алматыға университетке түскен кезде: «Жеткен жерің осы», — дедім өзіме.

Орыс мектептеріне қазақстандық бағдарламаны енгізу қарастырылып жатыр деп естідім.

Бұл қалада бірдеңе істеуді бастауға бола ма? Елдің бәрі көшіп кетпей тұрғанда, тым болмағанда бірнәрсе істеңіздерші.

Жақындарымның арқасында ауызекі қазақша тілде сөйлеймін. Космодромда екі билік, орыс мектептерінде де балалар туған жері мен тілі туралы білсін дегім келеді.

Қазақша мектептерде орыс тілі аптасына бір рет болады, ал орыс мектебінде оқитындар неге репетитор жалдауы керек?» — деп назданды ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия