jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімxанұлы екі титулдық белбеуді жеңіп алды

13 сәуiр 2019, 12:00

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте Жәнібек Әлімxанұлы Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасты. Ал сарапқа бірден екі титул — орта салмақтағы WBO Global мен WBC Continental Americas белбеулері салынды. Бірінші раундта екі боксшы бір-бірін зерттеп жүрді. Жәнібек Әлімxанұлы шегініп жүрсе де, бірнеше рет дәл соққы жасай білді. Кристиан Оливас болса, екі қолын түсірмей, барынша қысым көрсетуге тырысты. Алайда қазақ боксшысы жылдам джебтерімен қарсыластың қорғанысын оңай бұзып, тіпті үшінші раундта ашық шабуылға көшті. Әдемі апперкоттары да өтті. Осыдан кейін Жәнібек Әлімxанұлының боксында еркіндік сезіле бастады. Қарсыласын айналып жүріп, соққының астына алды. Сериялық соққылардың қатты болғаны сонша, Кристианның артқа шегініп, сәл тәлтіректеп қалғаны байқалды. Осылайша, барлық он раундта Жәнібек Әлімxанұлының басымдығы айқын көрінді, жылдамдығы да баяулаған жоқ. Әділ қазылардың шешімімен қазақ боксшысы жеңімпаз атанып, екі бірдей белбеудің иегері атанды. Айта кеткен жөн, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіби бокстағы 10 раундық жекпе-жегін алғаш рет өткізді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда