jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке бел буды

04 ақпан 2019, 10:25

Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алдағы уақытта WBA (Super)/WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) айқасуға ниеті барын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Канело» — менің салмағымдағы чемпион. Мен әлем чемпиондарымен бокстасқым келеді. Сондықтан «Канелоға» да дайынмын. GGG одан жеңіліп қалды, ал мен Геннадийдің жерлесімін, сол үшін «Канелоны» жеңіп, титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді», — деді Жәнібек Fino Boxing арнасына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, кеше Жәнібек АҚШ-тың Фриско қаласындағы (Техас штаты) The Ford Center at The Star аренасында «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңген болатын.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді